Оқиға
1 мин оқу 80

Көлік министрлігі AZAL ұшағының қара жәшігі туралы айтты

<p style="text-align: justify;">Желіде 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының қара жәшігінің стенограммасы пайда болды. ҚР Көлік министрлігі жарияланған деректерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көлік министрлігі AZAL ұшағының қара жәшігі туралы айтты

«ҚР Көлік министрлігіне қарасты авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы Комиссиясының жұмысы жалғасуда. Алдын ала есеп жарияланғанға дейін Комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады.

Бөлісу:
Көлік министрлігі AZAL ұшағының қара жәшігі туралы айтты · Egemen Qazaqstan