Заң
1 мин оқу 51
Шетелдіктерге жалған құжат жасап бергендер жазаланды
<p style="text-align: justify;">Астана қаласының екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясының азаматтарына жалған құжат жасаумен айналысқан, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасаса, екіншісі «клиенттерді» тауып берген.
Жалған құжат жасағандар осы қызметі үшін шетел азаматтарынан 80 мыңнан 1 млн теңге арасында қаржы алған.
Сотта олардың кінәсі толық дәлелденіп, 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Ал заңсыз алынған 107 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль сомасындағы қаражат мемлекет кірісіне тәркіленген.
Бөлісу:
