Оқиға
1 мин оқу 110
Астанада 19 жастағы жігіт өзін атып өлтірді
<p style="text-align: justify;">Желіде астаналық оқ ату клубтарының бірінде жаттығу кезінде 19 жастағы жігіттің кенеттен өзіне оқ атқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл фактіні елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«19 жастағы елорда тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда 16 жастағы мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Медеу ауданындағы мектептердің бірінде болған.
Бөлісу:

