Басылым
1 мин оқу 63

Қазақ-түрік сөздігі жарық көрді

<p style="text-align: justify;">Түркияда &laquo;Қазақ-түрік сөздігі&raquo; мен &laquo;Түркі тілдеріндегі етістіктер&raquo; атты еңбектің таныстырылымы өтті. Халықаралық Түрксой ұйымының штаб пәтерінде өткен мәдени мәжілісте туыстас тілдердің өзара байланысы, бүгіні мен болашағы сөз етілді.</p>

Қазақ-түрік сөздігі жарық көрді

Іс-шараға Түркия және Қазақстан университетінің тіл ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері қатыс­ты. Олар қазақ және түрік тілде­рінің арасындағы лексикалық, грамма­тикалық ұқсастықтар мен айырма­шылықтарды қарастырып, түркі тілде­ріндегі етістіктердің тарихы мен қазіргі жағдайы жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар түркі дүние­сіне ортақ тілдік платформа жасақталып, цифрландыру дәуіріндегі технологиялық терминдерді шығару жоспары талқыға салынды.

Кітап авторы доцент Кенен Коч сөздік­тердің ғылыми жұмыс қана емес, бауырлас халықтар арасында тіл арқылы байланыс орнатудың жаңа қадамы екенін айтады. «Қазақ және түрік тілдерінің арасындағы жақындықты, ұқсастықтар мен айыр­ма­шылықтарды зерттеу арқылы біз бір-бірі­мізді тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Тілдік зерттеулердің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді. Өйткені тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, мәдениетіміздің айнасы», дейді кітап авторы.

Бөлісу:
Қазақ-түрік сөздігі жарық көрді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар