Аймақтар
1 мин оқу 61

Төтенше жағдайға тастүйін дайындық

<p style="text-align: justify;">Облыс әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Келелі кеңесте азаматтық қорғаудың аумақтық күштері мен құралдарының көктемгі ықтимал су тасқынының алдын алу дайындығы, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты эвакуациялау мәселелері қаралды. Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, су тасқынының алдын алу шаралары, қираған нысандарды қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстары талқыланды.</p>

Төтенше жағдайға тастүйін дайындық

Өткен жылы жалпы ұзындығы 2 ша­қырым болатын жер­гілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 24 учаскесіне тас­қын судан нұқсан келіп, облыс аумағындағы 3 көпір бүлінді. Соның ішінде Кіндікті ауылына апаратын жолдағы көпір қайта қалпына келтірілді. Тассай ауылындағы көпірге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, Бозай ауылындағы көпірді қалпына келтіру жоспарланған.

Автомобиль жолдарындағы су тасқынының салдарын жою барысында «Семей жолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы «Ақсуат – Шыбынды – облыс шекарасы» жол учаскесінде 6 су өткізу құрылысын орнатты. Бүгінде ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 70 арнайы техникасы бар 7 апаттық бригада тәулік бойы кезекшілік атқаруды бастады. Қажетті материалдар қоры жасақталып, 1000 текше метр құм, 1047 текше метр құм-қиыршық тас қоспасы, 260 текше метр тасты топырақ жиналды. Мотопомпалар, күрек, етік, басқа да жабдықтар сатып алынып, құтқарушылардың әзірлігі пысықталды.

2024 жылғы су тасқынын талдау негізінде «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» авто­жолдарының учаскелерінде су өткізу құбырларын жөндеу жоспарланған. Жұмысты аяқ­тау 2025 жылғы тамызға жоспарланып отыр. Бұған қоса, мол сулы Ертіс өзенінің су дең­гейіне күнделікті мониторинг жүргізіліп, жағдай бақылауға алынған. Барлық іс-шараларды іске асыру су басу қаупін азай­туға, су тас­қыны кезеңінде жол инфра­құры­лы­мының қауіпсіздігін, көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

СЕМЕЙ 

Бөлісу:
Төтенше жағдайға тастүйін дайындық · Egemen Qazaqstan