Үкімет
1 мин оқу 85

Мәжіліс фракцияларының жетекшілерімен кездесті

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан&shy; Қарин Парламент Мәжі&shy;лі&shy;сіндегі алты саяси пар&shy;тия&shy;ның фракция жетек&shy;ші&shy;лерімен кездесу өткізді.</p>

Мәжіліс фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Жиынға «Amanat» партия­сы фракциясының жетекшісі Ел­нұр Бейсенбаев, «Ауыл» партия­сы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партия­сы фрак­циясының жетекшісі Айдар­бек Қожаназаров, «Ақ жол» Қазақ­стан демократиялық партиясы фрак­­ция­сы­ның жетекшісі Азат Пе­руа­шев, Қазақ­стан Халық партиясы фрак­ция­сының жетекшісі Магеррам Магер­рамов, Жалпыұлттық со­циал-демо­кратиялық партиясы фрак­­­циясының жетекші­сі Асхат Рақым­жанов, сондай-ақ Прези­денттің Пар­ла­менттегі өкілдігінің басшысы Әмірбек Оспанбеков қатысты.

Кездесу барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Ұлттық құрыл­тай аясындағы бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсеткені үшін партиялардың фракцияларына алғыс айтты. Атыраудағы Құрылтайда айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін 9 заң қабылданды. Олардың қатарында әйелдердің құқықтарын, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; вейптерге, шегуге келмейтін темекі өнімдеріне тыйым салу жөнін­дегі заңдар; сондай-ақ мемлекет­тік наградаларға; ономастикаға; ны­шан­дардың бірыңғай стандартына; ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелеріне; вандализмге және табиғи нысандарды қорғауға; құрметті атақтарға; есірткі өнімдерімен айналысатын адамдардың, сонымен қатар оны жасырын жеткізушілердің жауапкершілік жігін бөлуге қатыс­ты түзетулер мен толықтырулар бар. Мем­лекеттік кеңесші аталған заңдар ішкі саясатқа байланысты жұмыстың тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының «Ana tili» газетінде жарық көрген сұхбатында айқындаған ішкі саясат саласындағы биылғы жұмыстың бағыт-бағдары туралы пікір алмасты.

Бөлісу:
Мәжіліс фракцияларының жетекшілерімен кездесті · Egemen Qazaqstan