Сенат
1 мин оқу 120

Тәлімгерлікті дамыту туралы заңды қарады

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда &laquo;Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; заң талқыланды.</p>

Тәлімгерлікті дамыту туралы заңды қарады

Заң ұлттық заңнаманы жетіл­діруге, оның ішінде мемлекеттік тілдің қолда­нылуын кеңейтуге, оның мәртебесін нығайтуға, ба­ла құқықтарын қорғауға және бі­лім беру жүйесін дамытуға ба­ғытталған.

Мәселен, жетім балалар мен ата-анасының қам­қорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік институтын реттеу үшін заңна­маға «тәлімгерлік жөнінде­гі ұйым» ұғымы енгізілетін болды. Тәлімгер болуға үміт­кер адам­дар міндетті түрде тәлім­гер­лік бойынша оқудан өтуге тиіс бо­лады, сондай-ақ тәлім­гер­лік жөнін­дегі оқуды ұйым­дас­­тыратын ұйым­­­дардың құ­қық­­тары мен міндеттері айқын­далады.

Ұлттық сөздік қоры мен Қа­зақ тілінің ұлттық корпусын құру туралы ережелер енгізі­леді, олар мәтіндер мен сөздік қорына қол жеткізуді, сон­дай-ақ жасанды интеллекті пай­далана отырып, тіл үлгісін қалып­тастыруды қамтамасыз етеді.

Дарынды оқушыларды мемлекеттік қолдау және олардың ғылыми жұмысын ынталандыру мақсатында ха­лық­аралық ғылыми жобалар кон­курстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекет­тік білім беру гранттарын конкурстан тыс беру жөніндегі ереже болады.

Депутаттар кеңейтілген оты­рыс­тың қорытындысы бойын­ша заңды палатаның қарауы­на жіберу туралы ше­шім қабыл­дады.

Бөлісу:
Тәлімгерлікті дамыту туралы заңды қарады · Egemen Qazaqstan