Оқиға
1 мин оқу 101

Қарағанды ​​облысында тас жолда 19 көлік соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Қарағанды ​​облысындағы тас жолда бірден 19 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo;-ға сілтеме жасап.</p>

Қарағанды ​​облысында тас жолда 19 көлік соқтығысты

23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап «Екатеринбург-Алматы»  автожолының қайта жаңғырту учаскесінде Балқаш-Қарағанды ​​бағыты бойынша көлік қозғалысы ашылды. Мұндай шешім ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналуына байланысты қабылданған. Қозғалыс Қарағанды облысының әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

«Сағат 12:30-да осы учаскеде 1630 шақырымда 19 автокөліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың алдын ала себебі - жылдамдықты сақтамау», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Бөлісу:
Қарағанды ​​облысында тас жолда 19 көлік соқтығысты · Egemen Qazaqstan