Оқиға
1 мин оқу 132

Саран қаласында дүкен сатушысын пышақтаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында дүкен сатушысына шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Саран қаласында дүкен сатушысын пышақтаған күдікті ұсталды

Белгісіз ер адам аталған қаладағы азық-түлік дүкенінің сатушысына пышақпен шабуыл жасап, қашып кеткен. Әйел адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға 22 қаңтарда болған.

«Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Қарағанды облысы ПД тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу: