Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда 25, 26 және 27 қаңтарда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Жоғары қысымды өрістің әсерінен Қазақстанда күн райы ашық болады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
«Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градусқа дейін, таулы аймақтарда 13-18 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз, ал Қазақстанның батысында түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяз 2 градус жылы болады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін аязды күні теріні зақымдап алмас үшін қандай ережелерді сақтау керек екенін жазған едік.
