Өнер
1 мин оқу 150

Маэстро сабағы

<p style="text-align: justify;">Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консер&shy;ваториясында Милан&shy;дағы Джузеппе Верди музыкалық консер&shy;ва&shy;то&shy;риясының акаде&shy;мия&shy;&shy;лық вокал кафе&shy;дра&shy;сының профессоры, баритон Деметрио Колачи &laquo;Бельканто тех&shy;никасы және опера партияларын ин&shy;тер&shy;пре&shy;тациялау&raquo; атты ше&shy;берлік саба&shy;ғын өткізді.</p>

Маэстро сабағы

Маэстро Деметрио Колачи – әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсеткен, оқы­тушылық қызметпен айна­лысқан танымал орындаушы-педагог. Оның шеберлік сабақтары әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыкалық оқу орындарының студенттері арасында зор сұранысқа ие, өйткені профессор тек техникалық дағдыларды ғана емес, музыкалық интерпретацияны терең түсінуді де үйретеді.

Шеберлік сабағы акаде­миялық вокалдың қыр-сырын және әйгілі опералардағы бас­ты партияларды орындаудың ерекшеліктерін талқылауға арналды. Аталған іс-шара кон­серваторияның вокалдық өнер кафедрасының студенттері мен магистранттарына және оқытушыларына вокалдық техника мен орындаушылық шеберліктерін шыңдауға ар­налған.

Қатысушылар дауыспен жұмыс істеу, тыныс алуды дұ­рыс қою және ән айту тех­никасының ерекшеліктерін әлемдік деңгейдегі маманмен бірге жұмыс жасау арқылы машықтанды.

Айта кетейік, маэстро Құр­манғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен табысты ынтымақтастық жасап келеді. Еске салсақ, былтыр вокалдық өнер кафедрасының студент­терімен екі күндік интенсивті сабақтар өткізген еді. 

Бөлісу:
Маэстро сабағы · Egemen Qazaqstan