Заң
1 мин оқу 273
Нөмірі көрінбейтін жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері өсті
<p>Қыстыгүні көлік нөмірін қар жауып қалса да айыппұл салынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қыста кейбір адамдар көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайды. Мұндай көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша айыппұл салынады.
- Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, - деп жазылған бапта.
2025 жылға бекітілген 1 АЕК – 3 932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілерге 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді. Өткен жылы айыппұл мөлшері 17 250 теңгені құраған.
Бөлісу:
