Есірткі
1 мин оқу 200

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Алматыда есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Алматыда  есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алматылық азаматты тінту барысында қара изолентаға оралған ұнтақ заты бар 18 байлам табылып, тәркіленген. Ұсталған адам «синтетиканы» интернет арқылы алғанын мойындады.

- Жедел уәкілдердің айтуынша, ол бұл шөпті сатуды жоспарлаған. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Бұрын хабарланғандай, 2024 жылы қалада заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 117 келіден астам «синтетика» тәркіленді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты барлығы 760 құқық бұзушылық анықталып, 275 шөпті сату дерегінің жолы кесілген. 23 зертхана жойылып, екі есірткі қоймасы анықталды, 105 есірткі қойып кетуші ұсталды.

Бөлісу:
Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді · Egemen Qazaqstan