Кино
1 мин оқу 120

«Қазақ» киносы таныстырылды

<p style="text-align: justify;">Жаңа деректі фильм қазақ халқының басына түскен нәубет жылдары Маңғыстаудан Иранға жер ауып, Германияға тұрақтаған қаракөз қандастардың тағдырын баяндайды.</p>

«Қазақ» киносы таныстырылды

Фильм 2024 жылы Германияның Мюнхен, Нюрн­берг, Дюссельдорф қала­ла­рында, Аустрияның Зальц­бург, Түркияның Ыстан­бұл, Салихлы және Қа­зақстанның Алматы, Ас­тана, Ақтау қалаларында түсі­рілген. Басты рөлді Мюн­хендегі «Қазақ қоғамының» дамуына зор үлес қосқан, Еуропадағы қа­зақ қауымдастығының негізін қалаушы Сүлеймен Шадқам сомдайды.

Премьераға фильм режиссері Қарлыға Ха­сен, продюсері Танакөз Тол­қынқызы, басты кейіпкері Сүлей­мен Шадқам және Ақ­тау қаласының тұр­ғындары қатысты. Де­ректі фильм демеу­шілер қаражатына түсірілген.

ап

«Биыл, яғни 2025 жыл, Ақтау қаласы Түркі әле­мінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болды. Осы маңызды оқиға ая­сында «Қазақ» жаңа де­рек­ті фильмінің тұ­сауы ке­сілді. Қаракөз қандас­тардың тағдырынан сыр шертетін фильмнің жа­рыққа шығуына үлес қос­қан барша азаматқа және авторларға алғысым­ды айтамын», деді Ақтау қала­сының әкімі Әбіл­қайыр Байпақов.

Фильм неміс, ағыл­шын, француз тілдеріне аударылған. Алғашқы тұ­сау­кесер рә­сімі 2024 жылдың 6-8 қараша айында Сыртқы істер министр­лігінің қол­дауымен Гер­ма­нияның Мюнхен қа­ласында және Франция аста­насы Па­рижде өтті.

Жаңа туындының Еуро­падағы тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның Мюнхен қаласындағы бас консулы Денис Рогов, Қазақстанның Фран­ция­дағы елшісінің кеңес­шісі Нұр­жан Рахмет, халық әртісі Айгүл Үл­кен­­баева және фильмді тү­сі­рушілер мен кейіп­керлер қатысты.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу: