Бокс
1 мин оқу 50

Биыл бокстан Азия чемпионаты қашан өтеді

<p style="text-align: justify;">WORLD BOXING ұйымы осы жылы Азия чемпионаттары өтетін уақытты белгіледі, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Биыл бокстан Азия чемпионаты қашан өтеді

Биыл барлық жас ерекшеліктерінде ер және әйелдер сыны бірге өткізіледі. 

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 15-17 жастағы былғары қолғап шеберлері 17 сәуір - 1 мамыр аралығында Азия чемпионы атағын сарапқа салады. Бұл бәсеке Иорданияның Амман қаласында ұйымдастырылады.

19-22 жастағы спортшылар арасындағы тартыс 20 шілде мен 3 тамыз аралығына бекітілген. Жарыс ұйымдастырылатын ел әзірге анықталмаған. 

Ересектер 1 - 15 қазан аралығында Азия чемпионы атану үшін жұдырықтасады. Бұл санаттағы бәсекенің де өтетін орны әлі нақтыланбаған. 

Бөлісу:
Биыл бокстан Азия чемпионаты қашан өтеді · Egemen Qazaqstan