Оқиға
1 мин оқу 50

Павлодарда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні кешке Павлодарда Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Павлодарда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қаңтарда Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 34-үйдің ауласында «МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі бұрылып жатқанда жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, ол есін жимастан қайтыс болды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», делінген полиция хабарламасында.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Павлодарда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті · Egemen Qazaqstan