Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Асхат Есеев Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Асхат Қайыржанұлы Есеев 1984 жылы 13 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қаласындағы филиалының зертханасында инженер ретінде бастаған.
2020 жылдан 2023 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас инспекторы.
2023 жылдан 2024 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің аймақтық инспекторы.
2024 жылдан 2025 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің аймақтық инспекторы болған.
