Тұлға
3 мин оқу 60

Тарихи тақырыпқа түрен салған

<p style="text-align: justify;">Астана қаласындағы &laquo;Бозоқ&raquo; мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қо&shy;рықтың ұйымдастыруымен, биыл туғанына 110 жыл то&shy;&shy;лып отыр&shy;ған көрнекті &shy;жазушы, тарихи тақырыптарға тү&shy;рен салған қаламгер Ілияс Есен&shy;бер&shy;лин&shy;ді еске алуға ар&shy;налған &laquo;Есенберлиннің романындағы та&shy;рихи мұра&raquo; атты дөң&shy;ге&shy;лек үстел өтті. Оған астаналық шы&shy;ғар&shy;ма&shy;шы&shy;лық өкілдері мен елор&shy;да&shy;ның №91 жалпы білім беретін мек&shy;теп оқушылары қа&shy;тыс&shy;ты.</p>

Тарихи тақырыпқа түрен салған

Басқосудың тақырыбы айтып тұрғандай атақты қалам­гердің ұлт тари­хы тақы­рыбында жазған ірі шы­ғар­­малары «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» екені анық. Есен­бер­линнің тарихи тақырыпқа қалам тартқан қайраткерлігі туралы жазушы Әнуар Әлімжанов: «Ілияс Есен­берлинсіз қазақ әдебиетін елестету мүм­кін емес. Оның романдарының бетіне мұқият үңілмейінше, ұлт­тың сан ғасырлық тарихына талдау жасау мен ой жүгірту де мүмкін емес», десе, академик-тарихшы Манаш Қозыбаев: «Ілекең – қарыш­ты қаламгер. Ол тапжылмай із­ден­ді, жалықпай еңбек етті. Міне, сон­дық­тан да алаулап жүрегінен қан тамызып, маңдай терін ағызып, халық қуан­тарлық тарихи туындылар жазды. Өз есімін халқымыздың мәңгілік өл­местер кітабына хаттатты, аты мен затын болашақ ұрпақтарға жаттатты, сөйтіп ол біздің зиялылар әулетінің әулиесіне айналды» деген екен («Жан сырым». Есенберлин туралы естеліктер. Алматы, 2001).

Бұл реткі жиын барысында жоғары­да айтылған зор пайымдарды дамыта сөй­­ле­ген «Бозоқ» музей-қорығының ғы­лы­ми қыз­­мет­кері Жанболат Қазанбаев Есен­берлиннің ұлт руханиятын дамы­тудағы рөлі, шығармаларының қазақ әдебиеті мен қоғамдық тарихты бұқара санасына сіңірудегі әсері хақында әңгіме айтты. Сондай-ақ мәдени іс-шараның маңы­зын арттырған оқиға – дөңгелек үстелге Ақмола облысы Атбасар қаласында орна­ласқан жазушы І.Есенберлин атын­дағы мемориалдық музей қыз­мет­керлерінің қатысуы болды.

Көпшілікке қайраткер жазу­шы­­ның­ өмір жолы туралы баян­дама жаса­ған Атба­­­сардағы мемо­риалдық музей дирек­­­торы Ұлбол­сын Комбатурова: «Ілияс Есен­­бер­­лин Атбасар қаласында дүние­ге кел­­ген. Біздің музей қоры­на тапсырылған құжат­тық деректе жазу­шы­ның әкесі Есен­берлі мен Жұп­бай деген егіз адамдар болған. Ағайындылар 1895 жылы Атбасар қаласына үй салып орныққан. Бұл үйдің қаңқасы әлі бар. Мекенжайы – «Есенберлин көшесі, 48». Жазушының жастық шағы осы үйде өткен. Қаламгердің өзінен үлкен апайы Назым Есен­берлина және інісі Раунақ үшеуі бір әкеден. Ілиястың бес жасында әкесі, тоғыз жасында анасы дүние­ден өтеді. Сөйтіп, болашақ жазушы Атбасардағы балалар үйін пана­лайды. Кешікпей мұндағы бала­лар үйі жабылып, Есенберлин Қызылордадағы жетімдер үйіне ауысады. Осылай тар жол, тайғақ кешуде өмір сүрген жазушы есейе келе Алматыдан Тау-кен институтын бітіріп, соғысқа аттанады. Ленинградты қорғау майданында ауыр жараланады. Әскери госпитальда алты ай жатып емделеді. 1943 жылы Алматыға оралып, болашақ жарын жолық­тырады. Осылай қилы тағдыр, қиын күндерді бас­тан кешірген ол ерте шыңдалып, тарихи санасы қалыптасып, үлкен жазушыға ­айналды», деді.

Дөңгелек үстелдің тағы бір маңыз­ды бөлігі – мемориалдық музей қызмет­керлері ұйым­дастырған көрме. Онда «Көш­пенділер» кіта­бында жазылған тарихи сюжет­тер­дің мол­дығына таңданып рах­метін айтқан Воронеж қаласы «Волго-донская» көшесі 18-үй, 12 пәтер тұрғыны Н.В.Фоминнің, Ташкент облысы Искандер кен­ті­нің тұрғыны П.П.Бутовтың, т.б. хат­тары. Сонымен қатар атақты ақын Олжас Сүлей­меновтің Ілекеңе арнап жазған қол­таңбасы, жазушыны рес­публика дең­гейінде ұйымдастырылған түрлі мәдени-әдеби көпшілік іс-шара­лар­ға шақыр­ған хат­тар тұр. Сондай-ақ қалам­гердің 1979 жылы «Жұлдыз» журна­лында жарияланған «Алтын Орда» роман-трио­ло­гия­сы мен жур­­нал­дың 1981 жылғы санына басылған «Махаббат мейрамы» романы, қаламгердің портфелі, т.б. мұралар қо­йы­лыпты. Бұл жәді­герлерді 1999 жылы 24 жел­тоқ­санда Атбасар қала­сында музей ашыл­ған­да қалам­­­гер­дің артындағы жалғыз тұяғы Қозы­көрпеш Ілиясұлы әкеліп тапсырыпты.

Бөлісу:
Тарихи тақырыпқа түрен салған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар