Пікір
2 мин оқу 52

Көлік инфрақұрылымын өркендету қажет

<p style="text-align: justify;">Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралып, Мемлекет басшысы одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуеті бар көлік-логистика саласына баса назар аударды. Жиында Президент еліміздің халықаралық аренадағы бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі ретінде Транскаспий дәлізін дамытудың және транзиттік әлеуетінің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.</p>

Көлік инфрақұрылымын өркендету қажет

Былтыр елімізде жүк тасы­мал­дау көлемі 10%-ға артып, Үкі­мет­­тің есебіне сәйкес, бұл шамамен 1 млрд тоннаны құ­ра­ған. Әсіресе Транскаспий бағы­тын­дағы контейнерлік тасымалдау секторы 2,7 есеге өскен. Демек жаһандық логистикалық тізбектердің негізіне айналып отырған көлік артериялары сер­пінді даму үстінде.

Жақында ғана Қашаған кен орнынан Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағыты бойынша алғашқы мұнай партиясы жө­нел­тілді. Бұл энер­гетикалық ба­ғыт­­тарды әртараптандырудағы маңызды қа­дам болды. Жоба Транс­каспий бағы­тының әлеуетін нығайтуға және жа­һан­­дық логис­тикалық же­лі­нің негізгі элементі ретінде ай­мақтың маңыздылығын арт­ты­ру­ға кө­мек­теседі.

пр

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Дүниежүзілік банктің болжамына сүйенсек, 2030 жылға қарай орта дәліз негі­зінде Каспий теңізі арқылы тасымалдау көлемі үш есе артып, 11 млн тоннаны құрайды. Оның 4 млн тоннаға жуығы контейнерлерде тасымалданады. Транзиттік жүктердің не­гізгі бөлігі Еуропа мен Қазақстан ара­сындағы, сондай-ақ Еуропа мен Қытай арасындағы сауданың бір бөлігі ретінде осы бағыт арқылы өтеді.

Мұндай өршіл мақсаттарға қол жеткізу үшін көлік инфра­құ­ры­лымын жетілдіруді жал­ғастыру қажет. Logistics Performance Index (LPI) рейтингінің «көлік инфра­құрылымы» қосалқы индек­сінде Қазақстан 2018 жылғы баға­лаумен салыстырғанда пози­ция­сын жақсартқан. Яғни 138 елдің арасында 80-орынға ие болды (2018 жылы 81-орын). Дегенмен позицияларды одан әрі ны­ғайту және жүк тасымалы көлемінің өсуін ынталандыру үшін айтарлықтай күрделі салым қажет. Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) болжамдарына сәйкес, Орталық Азияның көлік инфрақұрылымын айтар­­лық­тай жақсартуға қа­жетті инвестицияның жалпы кө­ле­мі еліміз үшін 5,5 млрд еуроны және жал­пы аймақ үшін 18,5 млрд еуроны құрай­ды.

Көлік-логистикалық ин­фра­­құры­лымын одан әрі дамыту елі­­міздің жаһандық нарықтағы бәсе­кеге қабілет­тілігін нығайтуда және оның әлемдік экономикалық үде­ріс­терде интеграциясын арттыруда маңызды саналады.

Ерлан ЖАҚЫПОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ Жаһандық экономика және тұрақты даму бөлімінің басшысы 

Бөлісу:
Көлік инфрақұрылымын өркендету қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар