Қоғам
1 мин оқу 80
Қостанай облысында ер адам адасып кеткен
<p style="text-align: justify;">ТЖМ құтқарушылары адасып қалған адамды тапты, - деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомство мәліметіне сілтеме жасап.</p>
Қостанай облысы Арқалық қаласының Мирное ауылынан 15 шақырым жерде 1974 жылы туған ер адам тракторға қарай жаяу шығып, адасып, діттеген жерге жетпеген.
- Құтқарушылар жедел түрде өтімділігі жоғары техникамен іздеуге шығып. Жоғалған ер адамды шаруа қожалықтарының бірінің жанынан 150 метр қашықтықтағы ашық аумақта тапты, - делінген хабарламада.
Құтқарушылар қажетті көмек көрсетіп, медициналық тексеру үшін Арқалық қаласына жеткізгені айтылды.
Бөлісу:
