Жаңалықтар
4 мин оқу 580
КҮЛКІ КЕРУЕНІ №15
Әзіл-оспақ, сын-сықақ бұрышы
Бөлімді жазушы-сатирик Берік Садыр жүргізеді
БІРДЕ...
Бір әйел таныс жазушыдан Франсуаза Саганның кітабын оқыған-оқымағанын сұрапты.
– Асығыңыз, оқып шыққаныңыз жөн, – депті әйел оны әлі оқымағанын естіп. – Романның шыққанына аттай үш ай болды!
– Ал сіз Дантенің «Құдіретті комедиясын» оқыдыңыз ба? – деп қарсы сұрақ қойыпты жазушы. – «Жоқ» дейсіз бе? Асыққаныңыз жөн. Ол кітаптың шыққанына 600 жылдан асып кетті…
***
Бір ортаңқол актер Бернард Шоуға келіп, театр директорына өзі туралы мінездеме жазып беруді сұрапты. Шоу ілтипатпен, асықпай отырып былай деп жазыпты: «Актерді жұмысқа алуға кеңес беремін. Ол Гамлетті, Ромеоны, Шейлокты сомдады. Күйсандықта, флейтада, сосын бильярд ойнай алады. Әсіресе, ең соңғысын өте жақсы ойнайды».
***
Атақты әнші Шаляпиннің Петр есімді қызметшісі — өзін-өзі мәртебелі санайтын тәкаппар кісі болса керек. Бірде Шаляпин Берлинде сапарда болғанда бір журналист әншіден интервью алуға көмектесуін өтінгенде Петр:
— Қожайыным киініп жатыр, сізді қабылдай қоюға мүмкіндігі жоқ. Ол кісінің бар ісінен хабарым болғандықтан, қажет болса мен-ақ интервью беруге бармын, — дейді.
— Онда, Шаляпин мырзаның жақын күндердегі жоспарынан хабардар етпес пе екенсіз?
— Миланға жиналып жатырмыз, онда Мефистофельді шырқаймыз. Одан әрі Лондонда болып, король сарайында үлкен концерт қоямыз.
...Осы түста екінші кабаттың балконына шыға қалған атақты әнші қызметкеріне:
— Бәрі дұрыс-ақ. Петр айналайын, тек Милан мен Лондонға кетерде мені де ала кетуді ұмытпа, — деген екен.
***
Сахнаға жаңадан шығып жүрген, бірақ өзін өте қабілеттімін деп ойлайтын бір актер спектакль аяқталғаннан кейін орыстың ұлы трагигі Н.Рыбаковқа:
— Қалай, соңғы көріністе Дездемонаны жақсы өлтірдім бе? — дегенде:
— Сөз бар ма, бірақ маған Шекспирді өлтіргенің көбірек ұнайды, — депті.
*Шетел әзілі
КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ
Жұмысқа кірісе бергенімде күрегімнің сабы сынды да қалды. Сынықтарын жинап алып, қоймашыға келдім.
— Көрдің бе, Феро, не болғанын? Маған басқа күрек керек.
— Қане-е! Шынында да сынған екен. Басқа дейсің бе? Тапсырысың бар ма?
— Қайдағы заявка?!
- Шеберден.
- Күйеуінің айлығын санамай-ақ әмиянына сала салған әйел азамат.
- Қала ішіндегі құйрық басар бос орны бар көпшілік мінетін көлік.
- Тиыныңды қайтарып беретін таксист.
- Кемшілігін көріп те, теріп те көрсеткен қызметкеріне шын көңілден риза болатын бастық.
- Шығармаларымның нашарлығынан газет-журналға шыға алмай жүрмін деп ойлайтын жазушы.
- Енесін шешесінен де артық сыйлайтын келін.
- Арақсыз өткен құда-жекжаттың арнайы бас қосуы.
- Бірде-бір ажырасусыз, тату-тәтті тұрып жатқан отбасы бар аудан.
- Еш нәрсе алмай, бергеннен безгек тигендей безіп, тек құдай құлы ретінде тегін қызмет қылатын молда.
- Үштік баға қоймайтын мұғалім.
- Шешесіне әйелін мақтап әңгіме айтатын еркек.
- Лотореядан кездейсоқ ұтып алған «Волга» машинасын – бұл әділетсіздік деп өкіметке қайтарып берген азамат.
Бөлісу:

