Қоғам
1 мин оқу 80

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленгенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

2025 жылдың басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде 8 Калашников автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната және әртүрлі калибрлі 1521 патрон табылып, тәркіленді», делінген хабарламада.

Аталған қарудың төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.

Аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді · Egemen Qazaqstan