Оқиға
1 мин оқу 51
Астаналық әйел сауда орталығынан киім ұрлаған
<p style="text-align: justify;">Елордада 31 жастағы әйел сауда орталығынан үш киімді қолды еткен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол бұл әрекетін дүкенге бірнеше рет кіру арқылы жүзеге асырған. Әр кіргенде бір күртені «іліп» кетіп отырған. Дүкен қызметкерлері полицияға 4 күрте жоғалғанын айтып шағым түсірген. Істі тергеу барысында 31 жастағы әйел ұсталды.
Ол дүкенге 100 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Ұрланған заттар тәркіленіп, тергеу амалдары аяқталған соң иесіне қайтарылған.
Бөлісу:
