Қазақстан
1 мин оқу 70

Әзербайжаннан әскери делегация келді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Әзербайжанның әскери делегациясы келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Әзербайжаннан әскери делегация келді

Әзербайжан Қорғаныс министрінің орынбасары – Бас директор Агиль Гурбанов бастаған шетел делегациясын Қазақстанның Қорғаныс ведомствосы басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қабылдады.  

Кездесу барысында екі елдің достық ынтымақтастығы және стратегиялық деңгейі аталып өтті. 

Жиын қорытындысы бойынша қорғаныс саласындағы ары қарайғы қарым-қатынас бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

Бөлісу:
Әзербайжаннан әскери делегация келді · Egemen Qazaqstan