Қазақтың 15 боксшысы Сербияда жұдырықтасады
<p style="text-align: justify;">Сербияда «Белград жеңімпазы» бәсекесі бүгін басталды, осы айдың 10-ы күні аяқталады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Айта кетсек, «Белград жеңімпазы» бәсекесі Еуропадағы ең тарихы бай жарыс саналады, осы жолы 62-ші рет өтіп жатыр.
Аталған додада 11 салмақ бойынша 15 боксшымыз жұдырықтасады.
Қазақстан бокс федерациясы тізімді жария етті:
48 келі: Нұрғиса Тұрабеков.
51 келі: Рамазан Нұрлыбаев.
54 келі: Бексұлтан Боранбек, Нұрсұлтан Алтынбек, Кенже Мұратұлы.
57 келі: Жансері Көшербаев.
63.5 келі: Бекзат Макжан.
67 келі: Илья Калинин, Нұрбек Мурсал.
71 келі: Өнер Сейілхан.
75 келі: Бақберген Алиасқаров, Санжарәлі Бегалиев.
80 келі: Ильяр Аширов.
86 келі: Дәурен Мамыр.
+92 келі: Нұрасыл Асылхан.
