Ауа райы
1 мин оқу 61

Абай облысында екі автожол жабылды

<p style="text-align: justify;">Аталған шектеулер &ndash; ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Абай облысында  екі автожол жабылды

«4 ақпан сағат 15:00-де «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 383-528 шақырым аралығындағы учаскеде (Қайнар ауылынан Баршатас ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Аталған жол 5 ақпан сағат 06:00-де ашылады.

Сондай-ақ Абай облысында тағы бір жол бөлігі жабылды. «ҚазАвтоЖол» хабарламасында айтылғандай 4 ақпан сағат 15:30-дан бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-683 шақырым аралығындағы учаскеде (Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін) барлық көлік түрі бойынша қозғалысқа шектеу қойылған, оны бүгінгі сағат 23:00-де ашу жоспарланған.

Бөлісу:
Абай облысында екі автожол жабылды · Egemen Qazaqstan