Таным
1 мин оқу 71

Ғалам ғажаптары: Суасты үңгірі

<p style="text-align: justify;">Ұлы көк тесік &ndash; Жердің ең үлкен суасты шұңқырларының бірі. Мұндай таңғажайып табиғи құбылысқа әлемнің әйгілі зерттеушілері мен сүңгуірлері қызығып отыр.</p>

Ғалам ғажаптары: Суасты үңгірі

Мұхит түбіндегі үңгірден пайда бол­ған Ұлы көк тесік жобамен 15 000 жыл бұрын полеолит дәуірінде әктас үңгірі ретінде қалыптасқан. Мұздар еріген кезде теңіз деңгейі көтеріліп, үңгір суастында қалып қойған. 1971 жылы теңіз зерттеушісі Жак-Ив Кусто бұл жерді әлемдегі ең үздік 10 сүңгуір нүктесінің бірі деп жариялады. Шұңқырдың ішінде алып сталактиттер және түрлі теңіз жануарлары бар. Бір қызығы, 2018 жылы Роберт Бал­лардтың зерттеу тобы шұңқырдың түбіне  дейін бойлап, адам сүйектерін тапқан.

Дайындаған –

Дидар АСЫЛХАН,

Қожа Ахмет Ясауи университетінің студенті

Бөлісу:
Ғалам ғажаптары: Суасты үңгірі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар