Оқиға
1 мин оқу 130

Кен орнынан газ ұрлап жүргендер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысындағы компаниялардың бірінің қызметкерлері&nbsp;&laquo;әлеуметтік&raquo; санатқа жататын газды ұрлаумен шұғылданған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кен орнынан газ ұрлап жүргендер ұсталды

Олар кен орнындағы есепке алынбаған газды жинақтап, кейін теміржол арқылы тасымалдап келген. Облыстық полиция басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары бірлесіп, олардың қылмыстық схемасын ашып, тосқауыл қойды. 
Мамандар кен орнына апарар жолда ұрланған газ құйылған 12 вагонды тапқан. 


«Осы қылмыстық іске қатысты сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленеді. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бөлісу:
Кен орнынан газ ұрлап жүргендер ұсталды · Egemen Qazaqstan