Әлем
1 мин оқу 170

АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың&nbsp;Сиэтл/Такома халықаралық әуежайында Japan Airlines ұшағы Delta Air Lines ұшағымен соқтығысып қалған. Жолаушылар эвакуацияланып, терминалға жеткізілді,&nbsp; деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Newsweek басылымына сілтеме жасап.</p>

АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Федералдық авиация әкімшілігінің хабарлауынша, (FAA) ұшақтар әуе қозғалысын басқару органдары бақылай алмайтын аймақта болған. Оқиғаға байланысты әуежайдағы кейбір рейстер уақытша тоқтатылған.

Delta Air Lines әуе компаниясы соқтығыс кезінде ұшақтың мұздан тазартуға кезекте тұрғанын мәлімдеген. 

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбіде Техас штатының Хьюстон қаласындағы Джордж Буш халықаралық әуежайында ұшақ өртеніп, Нью-Йоркке ұшатын United Airlines ұшағындағы жолаушылар шұғыл эвакуацияланған болатын.

Бөлісу:
АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты · Egemen Qazaqstan