Туризм
1 мин оқу 145
Еуропаға тағы бір тікелей рейс ашылады
<p style="text-align: justify;">Қазақстаннан Венгрияға жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Министрліктің мәліметінше, биылғы жылдың 27 мамырынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер «Boeing 737» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.
«Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі», делінген хабарламада.
Бөлісу: