Үкімет
1 мин оқу 30

Комиссия отырысы өтті

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті.</p>

Комиссия отырысы өтті

РБК отырысының қоры­тын­дысына сәйкес орман тәлім­бағын құру, ұлттық гидро­метео­рологиялық қызметті жаң­ғырту және өрт қауіп­сіздігін күшейту арқылы қор­шаған ортаның жағ­дайын жақсар­туға бағытталған жобаларды қаржы­ландыруға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.

Премьер-министр мемлекеттік орган­дардың басшыларына үдерісті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада ен­гізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылды.

Бөлісу:
Комиссия отырысы өтті · Egemen Qazaqstan