Әлем
1 мин оқу 165

Америкалықтар Илон Масктың қызметтен кетуін талап етті

<p style="text-align: justify;">Вашингтонда жүздеген адам шеруге шығып, миллиардер Илон Масктың АҚШ президентінің кеңесшісі қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Америкалықтар Илон Масктың қызметтен кетуін талап етті

Ереуілшілер арасында Демократиялық партия атынан сайланған сенаторлар мен конгресмендер, заңгерлер мен киберқауіпсіздік сарапшылары бар. Олар Капитолий маңына жиналған.

Шерушілер Илон Маск басқаратын Мемлекеттік тиімділік департаментінің Қаржы министрлігіне қарасты төлем базасына кіруге рұқсат алғанына қарсы. Олардың айтуынша, бұл салық – төлеушілер мәліметтерінің құпиялылық ережесіне қайшы әрекет.

Бұған дейін миллиардер бұл деректер мемлекеттік бюджетке мониторинг жүргізіп, артық шығынды қысқартуға қажет деп мәлімдеген.

Бөлісу:
Америкалықтар Илон Масктың қызметтен кетуін талап етті · Egemen Qazaqstan