Медицина
1 мин оқу 350

Жеке медициналық кітапша электронды форматқа ауыстырылды

<p style="text-align: justify;">1 ақпаннан бастап жеке медициналық кітапшаны egov mobile мобилдік қосымшасындағы<strong data-entity-type="MessageEntityBold">&nbsp;</strong>&laquo;E-Densaulyk&raquo;&nbsp;сервисінен алу тетігі іске қосылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жеке медициналық кітапша электронды форматқа ауыстырылды

Бұл азаматтардың медициналық тексерістен өту уақытын тиімді үйлестіріп, терапевтке қайта баруға мәжбүрлемейді. Кітапша дайын болғанда пациентке 1414 нөмірінен хабарлама жолданады. 

Елімізде медициналық кітапша қоғамдық тамақтандыру, дәріханалар, санаторийлер, медицина қызметкерлерін қоса алғанда 15 санаттағы мамандардан талап етіледі. Олар жылына не 6 айда бір рет медициналық тексеруден өтіп отыруы тиіс. 

Жұмыс берушілер қызметкерінің медициналық кітапшадағы деректерін hr.enbek.kz порталынан тексере алады. 

Бөлісу:
Жеке медициналық кітапша электронды форматқа ауыстырылды · Egemen Qazaqstan