Әдебиеттанушыға ризашылығын білдірді

<p style="text-align: justify;">Жуырда біздің басылымда (&laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; 29.01.2025) белгілі әдебиеттанушы, филология ғылым&shy;дарының докторы, профессор Жанғара Дәде&shy;баевтың бірегей тұлға Сүйін&shy;бай Аронұлы туралы <a href="https://egemen.kz/article/380725-aqyndyq-onerdinh-aqiyghy">&laquo;Ақын&shy;дық өнердің ақиығы&raquo;</a> атты мақаласы жарық көрді.</p>

Әдебиеттанушыға ризашылығын білдірді

Биыл алып тұлғаның туғанына 210 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай жарияланған мақалада ғалым қазақтың ақындық өнерін биікке көтерген біртуар дүлдүлдің  еңбегін айшықты көрсеткен.  Сондай-ақ  уақыт өткен сайын ақын мұрасының  көркемдік-эстетикалық байлығы мен құндылығы жарқырай түскенін көркем зерделеген.

Соған орай Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің профессоры Жанғара Дәдебаевқа «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған ақиық ақын Сүйінбай Аронұлы туралы мақаласы үшін Алғыс хат жол­дады. Алғыс хатта Ерлан Тыным­байұлы ақындық өнер тура­лы қоғамдық, әлеуметтік ма­ңызы терең ой айтқан мақала ав­торына ризашылығын білдірген. Осыған байланысты танымал әде­биеттанушы басылымға жолдаған хатында Мемлекеттік кеңес­ші мен «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымына зор құрметін жеткізді.

Бөлісу:
Әдебиеттанушыға ризашылығын білдірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар