Ауа райы
1 мин оқу 80
Екі облыс аумағында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды
<p style="text-align: justify;">Аталған шектеулер – ауа райының бұзылуына байланысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ҚазАвтоЖол» бүгінгі сағат 19:00-ден бастап 2 облыс аумағындағы республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылатынын мәлім қылды.
Абай облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесі (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін) жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) жабық.
Аталған жолдар 12 ақпанда сағат 07:00-де ашылмақ.
Бөлісу:
