Қысқы спорт
1 мин оқу 270

Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды

<p style="text-align: justify;">IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды

Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.

Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.

Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.

Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-ші жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.

Бөлісу:
Шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы күміс жүлдегер атанды · Egemen Qazaqstan