Аймақтар
1 мин оқу 170

Павлодар облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысының Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы жолда қарлы боранда Тойота маркалы автокөлігі тұрып қалған. Көлікте 6 жолаушы болған.</p>

Павлодар облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті жолда тұрып қалған 6 адамды қар құрсауынан алып шықты.

«Тойото маркалы көлік Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы жолда қарға батып тұрып қалған. Хабарлама келіп түсісімен біздің мамандар жіберілді. Олар көлікті қар құрсауынан алып шығып, 6 жолаушыны құтқарды. Азаматтар Шідерті кентінің жылыту пунктіне эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болмады», деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Павлодар облысының төтенше жағдай департаменті тұрғындарға ауа-райының нашарлауына байланысты сапарлардан бас тартуды ұсынады. Облыстың бірқатар өңірлерінде қатты жел мен боран соғып тұр.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Павлодар облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды · Egemen Qazaqstan