Бүгін елімізде қар жауып, бұрқасын болады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер дүйсенбі, 17 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады.
«Тек еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады», делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман, солтүстік пен батыста бұрқасын мен жел күтіледі.
Астанада құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, бұрқасын болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз -3...-5°C.
Алматыда жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C.
Шымкентте күн бұлтты, құрғақ. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +7...+9°C.
