Туризм
1 мин оқу 90

Былтыр Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келді

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 11,5 миллион шетелдік азамат келген, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Былтыр Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келді

Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. 

Қонақ үй мен басқа да орналастыру орындарына Ресей Федерациясынан келген туристер көбірек тоқтаған. Яғни, 2024 жылдың тоғыз айында елімізге Ресейден 307 756 адам келген. Кейінгі сатыға Қытай (127 059 адам) азаматтары жайғасса, үздік үштікті Үндістан (91 148 адам) туристері түйіндеді.

Алғашқы ондықта Түркия (47 590), АҚШ (35 628), Өзбекстан (29 082), Германия (24 672), Оңтүстік Корея (20 950), БАӘ (17 557) және Италия (13 411) мемлекеттері бар.

Бөлісу:
Былтыр Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар