Әлем
1 мин оқу 70

Кітап оқыса, жазасы жеңілдейді

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанда түрме жазасын қысқарту үшін кітап оқу бағдарламасы енгізілуі мүмкін. Парламент бұл бастаманы бірінші оқылымда мақұлдады. Жобаға сәйкес, Қылмыстық кодекске сотталғандар&shy;ды &laquo;рухани түзету&raquo; туралы жаңа бап енгізу қарастырылған.</p>

Кітап оқыса, жазасы жеңілдейді

Аталған бағ­дарлама ая­сында соттал­ғандар арнайы бекітілген тізімі бойынша кітап оқып, кейіннен емтихан тапсыру арқылы әр оқылған кітап үшін жазасын үш күнге қысқарта алады.

«Көркем әдебиетті оқу соттал­ғандарға өз сезімдері мен эмоция­ларын түсінуге ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы басқа адам­дардың да сезімдері мен көзқарастарын, олар­дың өмірге деген ұстанымдары мен ұм­тылыстарын ұғынуға көмектеседі», дейді елдің ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашрапов.

Оның айтуынша, Өз­бек­стандағы 49 түрменің барлығында кітапханалар бар, онда 230 мыңнан астам кітап қо­ры жинақталған. Оның ішінде 44,7 мың­нан астамы – шетелдік шығармалар.

Бөлісу:
Кітап оқыса, жазасы жеңілдейді · Egemen Qazaqstan