Зерде
1 мин оқу 70
Жеті жасар оқушы халықаралық білім бәйгесінде топ жарды
<p style="text-align: justify;">Елордалық 2 оқушы «StemCo» халықаралық олимпиадасы бойынша жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

№81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Бақдаулет «Математика және science» пәні бойынша қарсыластарынан оза шауып, еліміздің атын асқақтатты. Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өтіп, алтын жүлде жеңіп алған 7 жасар оқушы, сөйтіп, Сингапурда өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар 4-сынып оқушысы Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша үшінші орын алып, қола медаль еншіледі.
Бөлісу: