Қоғам
2 мин оқу 30

Жан-жақты көмек көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Ұлытау облысындағы &laquo;Қазақмыс&raquo; МК кенішіндегі ТЖ салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі &ndash; МӘСҚ) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады.</p>

Жан-жақты көмек көрсетіледі

Қаза болған әрбір кеншінің балалары барын ескере отырып, олардың отбасыларына асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Жәрдемақы мөлшері қайтыс болған асыраушысының асырауындағы адамдар­дың санына және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.

Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі баласы бар жұмыссыз үш анаға да беріледі.

Қаза тапқан кеншілердің барлығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болғандықтан, олардың отбасына мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер тағайындалады.

Осылайша, асырауындағы бір адам үшін бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшері – 42 530 теңгені, ал МӘСҚ-дан төле­нетін төлемдер – 141 523 теңгені, асы­рауында бес адам болса, жәрдемақы мөлшері – 127 127 теңгені және МӘСҚ-дан төленетін төлемдер 335 017 теңгені құрайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, төлемдер балалары 18 жасқа толғанға дейін, ал олар жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.

Сондай-ақ қаза тапқан кеншілер отбасыларының барлығы «БЖЗҚ» АҚ-дан 369 608 теңге (94 АЕК) мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға құқылы.

Сонымен қатар жұмыс беруші компания қаза тапқандардың отбасыларына ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмекті көрсетеді:

  • Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін 550 АЕК мөлшерінде төлемдер (2 162 600 тг);
  • Қайтыс болған адамның отбасына жылдық орташа жалақының 10 еселенген мөлшерінде төлем. Орташа алғанда бұл – 84 млн-нан 124 млн теңгеге дейін;
  • Асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдер;
  • Балалардың оқу ақысын төлеу;
  • Қаза тапқан жұмысшылардың несиелері мен қарыздарын өтеу.
Бөлісу:
Жан-жақты көмек көрсетіледі · Egemen Qazaqstan