Ғалам ғажаптары: 500 миллионды қайтарған
<p style="text-align: justify;">2019 жылы Үндістандағы ірі банк күтпеген жағдайға тап болады. Кеш­­кілік уақытта банк жүйесінде түсі­­ніксіз әрекеттер байқалып, есепшоттардан ақша жоғала бас­тайды. Бел­гісіз хакер небәрі бірнеше са­ғат ішінде 500 миллион долларды өз шо­тына аударып үлгерген.</p>

Бұл – банк тарихындағы ең жылдам және ірі хакерлік шабуылдардың бірі. Таңғаларлық оқиға осы жерден басталды. Банк қызметкерлері дабыл қағып, тергеу жүргізіп жатқанда, хакер оларға өзі байланысқа шығады. Ол ешқандай зиян келтіруді мақсат етпегенін, бірақ жүйенің осалдығын дәлелдеуді көздегенін айтқан. Хакер бірден барлық қаражатты банкке қайтарып, IT мамандарына жүйенің әлсіз тұстарын қалай күшейту керектігі туралы кеңес береді.