Аймақтар
1 мин оқу 100

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысындағы&nbsp;энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұрын бұл нысан «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансына берілген. 

1952 жылы салынған су қоймасының стратегиялық нысан екені ескеріліп, облыс прокуратурасы су ресурстары министрлігіне ұсыным хат жолдаған. 

Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылған.

Енді жауапты органдарға су қоймасын жаңғыртып оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу міндеті жүктеліп отыр. 

Бөлісу:
Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды · Egemen Qazaqstan