Таным
1 мин оқу 100
Ғалам ғажаптары: Энергия өндіретін терезе
<p style="text-align: justify;">Калифорниядағы «Next Energy Technologies» компаниясы күн энергиясын өндіретін терезе ойлап ­тапты. Терезенің өлшемі 101,6 ×152,4 см, ал болашақта 152×304 см панельдер шығарылмақ.</p>

Бұл терезе арнайы «OPV» қабатымен жабылған, ол инфрақызыл жарықты сіңіріп, электр қуатына айналдырады. Нәтижесінде, ғимараттың энергия тұтынуын 20–25%-ға дейін азайтады. Инженерлер технологияны өндіріске енгізу еш қиындық тудырмайтынын айтады. Оларды құрылыс кезінде кәдімгі терезелерді орнатқандай орнатуға болады.
Бөлісу: