Үкімет
1 мин оқу 270

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы мөлшері өседі

<p style="text-align: justify;">Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Сенаттағы Taldau Talks подкастында қосылған құн салығының өсуі, оның Қазақстандағы бюджет пен инфляцияға әсеріне қатысты сауалдарға жауап берді,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.&nbsp;&nbsp;</p>

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы  мөлшері өседі

Үкімет қосылған құн салығы бойынша шекті соманы 15 миллион теңгеге дейін төмендетіп, 16% мөлшерлемені таңдады.

- Заң бойынша біз инфляция деңгейінде зейнетақыны, мемлекеттік қызметкерлердің, мұғалімдердің және дәрігерлердің жалақысын өсіруге тиіспіз. 20 пайыздық мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болады. 16 пайыздық мөлшерлемеде ол 500-550 миллиардтың арасында болады. Атаулы әлеуметтік көмектің де мөлшерін көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға 40-45 миллиард теңге көлемінде. Тұрғын үй көмегіне қатысты, тарифтер бағасы көтерілуінің орнын толтыру үшін оның да мөлшерін ұлғайтамыз, – деді Жұманғарин.

Бөлісу:
Қазақстанда зейнетақы мен жалақы мөлшері өседі · Egemen Qazaqstan