«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға артты», деп мәлімдеді ведомство.
Өсу барлық одақ елдерінде байқалады. Ең жоғары көрсеткіш — Қазақстанда (13,1%) және Қырғызстанда (13%). Одан кейін Армения (8%) мен Беларусь (7,7%) келеді. Ресейде бұл көрсеткіш 2,1% көрсеткен.
Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстанның экономикасы 4,8%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында — 13,7%, құрылыс саласында — 13,1%, саудада — 9,1%, көлікте — 8,5% жоғары динамикаға жетті.


