Саясат
1 мин оқу 70

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының басқосуы

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Венада өткен 24-қысқы отырысына қатысты.</p>

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының басқосуы

Отырыс барысында ЕҚЫҰ ПА-ның Саяси мәселелер және қауіп­сіздік, Демократия, адам құқық­тары және гуманитарлық мәселе­лер, Экономика, ғылым, техно­ло­гиялар және қоршаған орта мә­селелері жөніндегі жалпы коми­теттерінде, сондай-ақ Тұрақты комитетте кездесулер өтті. Іс-шараға ЕҚЫҰ өңірі елдерінен келген 240-тан аса парламентші қатысты.

Қауіпсіздік пен адам құқық­тары саласындағы ынтымақ­тас­тықтың негізін қалаған басты құжат – Хельсинки Қорытынды актісінің 50 жылдық мерейтойына ерекше назар аударылды.

Сенатор сессия барысында ЕҚЫҰ Пар­ламенттік ассамб­леясы төрағасының эколо­гиялық мә­се­лелер жөніндегі орынбасары Пере Понспен және ассамблея­ның Орталық Азия жөніндегі ар­найы өкілі Фара Каримимен де кез­дес­ті. Сондай-ақ Аустрия Ұлттық кеңесінің депутаты, ЕҚЫҰ ПА төрағасының орынбасары Гудрун Куглер, Хорватия Саборының депутаты Звонимир Троскот және Финляндия Парла­менті­нің депутаты Вилла Скинна­римен де екіжақты кездесулер өтті.

Сенатор бірқатар тақы­рып­тық, оның ішінде көлік дәліздерін дамытуға бағытталған Жібек жолын қолдау тобының 15-отырысына, сондай-ақ демо­графиялық дағдарысқа арналған пікірталасқа қатысты.

Бөлісу:
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының басқосуы · Egemen Qazaqstan