Аймақтар
1 мин оқу 124
«ҚазАвтоЖол» көкпаршыларға ескерту жасады
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желіде көкпаршылардың «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының бойында орналасқан жаяу жүргіншілер көпірінен атпен өткен видеосы тарады. Осы оқиғаға байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы көкпаршыларға ескерту жасады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Автожол бойындағы көпірлер адамдардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салынады. Компания мұндай көпірлерден жылқы және өзге жануарлармен өтуге болмайтынын мәлімдеп, көкпар аттары арнайы көлікпен тасымалдануы тиіс екенін ескертті.
Бөлісу:
