Өшпес даңқ
1 мин оқу 200

Бірімжановтың жерленген орны анықталды

<p style="text-align: justify;">Халқымыздың ардақты ұлдары &ndash; Ресей Мемлекеттік Думасы&shy;ның алғашқы екі шақырылымының депутаты, заңгер Ахмет Бірімжанов пен қоғам қайраткері, алашшыл азамат Ғазымбек Бірімжановтың туған інісі Жұмахан Бірімжанов Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кет&shy;кендердің қатарында болған еді. Алайда 83 жыл өткен соң, оның жерленген орны анықталғаны жөнінде хабар шықты.</p>

Бірімжановтың жерленген орны анықталды

Жұмахан Қорғанбекұлы Бі­рім­жанов – қатардағы жауын­гер, 1919 жылы Қостанай облысы Торғай ауданы №3 ауыл­да (қазіргі Қостанай облысы Ә.Жан­гелдин ауданында) дүниеге кел­ген. Ел басы­на күн туып, сұра­пыл соғыс басталған­да ол Алматы қаласы Фрунзе аудандық әске­ри комис­са­риатынан шақырылып, Отан қорғауға
атта­на­ды.

Соғыстан кейін хабарсыз кеткен сарбаздардың есімі мен жатқан жерін анықтау ұзақ уақыт бойы мүмкін болмаған еді. Жұмахан Бірімжанов майдан даласында­ғы ауыр шайқастардың бірінде, 1942 жылдың 19 желтоқсанын­да Ресейдің Волгоград облысы, Совет­ское елді мекенінде ерлікпен қаза тапқан. Сүйегі кейіннен Волго­град облысы, Калачевский ауданы Калач-на-Дону қаласын­дағы «Павших борцов» алаңында орналасқан бауырлас­тар зиратына қайта жерленген.

Бұл жаңалық – соғыс жылдарында шейіт кеткен боздақтар­дың ұрпақ жадынан ешқашан өшпейтінінің тағы бір дәлелі. ­83 жыл бойы қара­лы белгісіздік­ке оранған жауынгер рухы енді өз туыс­­тарының жүрегінде, ел тарихының жарқын беттерінде мәңгілік сақталмақ.

Самат ЖҰМАТАЙҰЛЫ,

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері

Бөлісу:
Бірімжановтың жерленген орны анықталды · Egemen Qazaqstan